Қарағандыда жеңіл көлік жолаушылар автобусымен соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда жеңіл көлік жолаушылар автобусымен соқтығысты

18.06.2020

Қарағандыда жеңіл көлік жолаушылар автобусымен соқтығысып, бір адам қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша, Nissan маркалы автомобиль жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы бетке өтіп кеткен. Сол сəтте шағын автобусты соққан, салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. 

Қоғамдық көліктегі 10 жолаушының біреуі жарақат алып, оған дереу медициналық көмек көрсетілді. Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу