«Жібек жолы» шекара бекетінде 300-ге жуық тәжік азаматы еліне өте алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жібек жолы» шекара бекетінде 300-ге жуық тәжік азаматы еліне өте алмай жүр

17.06.2020

Қазақ-өзбек шекарасында тағы да 300- ге тарта тәжік азаматы еліне өте алмай жүр. Себебі Өзбекстан оларға транзиттік жолын ашуға асығар емес. Соның кесірінен 285 адам екі апта бойы «Жібек жолы» кеден бекетіндегі автотұрақта түнеуге мәжбүр. Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов шекараға арнайы барып, жағдаймен танысты. Карантин басталғалы бұл өткізу бекетінен көрші елге 40 мыңдай адам өткен. Шекараға лек-легіме ағылған жұртты өзбек тарапы тоқтатып, топ-топқа бөліп өткізіп жатыр. Сондықтан тәжіктер ғана емес, өзбек азаматтарының өзі осы маңда 1-2 күн аялдауға мәжбүр. Сол себепті кеден бекетінде оқшаулау аумағы құрылған. Бұл ең алдымен 9 жарым мың тұрғыны бар Жібек жолы елдімекенінің қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр. 

Гүлжазира ҒАЛИ  


Хабарламаларға жазылу