Қазақстанда импортты ығыстыратын отандық өнімдер көбейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда импортты ығыстыратын отандық өнімдер көбейеді

21.02.2019

Киім-кешектерден бастап, төсек жабындысы, аяқ киім, кілем, үй жиһаздарын өзімізде көптеп шығару үшін несиелендірудің көлемі артпақ. Отандық кәсіпорындарға 600 млрд теңге қолжетімді несие берілетін болды. Оның 400 млрд-ы өңдеу өнеркәсібіне бағытталады. Осылайша қарапайым заттардың импорттық үлесі 14 пайызға қысқарады. Бұл туралы бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды.

Жалпы, биыл индустрияландыру бағдарламасының аясында елде 100-ден астам жоба іске қосылмақ. Нәтижесінде 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Ал, Қазақстан экспортшылары үшін енді Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран елдерінің нарығына шығу жолдары жеңілдейді. Елбасы тапсырмасына сай экспорттаушыларға қаржылық қолдаудан бөлек, көмек көрсету тетіктері де жетілдірілмек.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Экспорттаушыларға қолдауды күшейту жоспарлануда. Инспекциялық комиссияларды шақыру арқылы аталған елдердің нарығына оңай шығуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, алдағы үш жылға эскпорттаушы компанияларды қолдау үшін 500 млрд теңге қарастырылып отыр.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу