ШҚО шахтасында жарылыс кезінде екі кенші қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО шахтасында жарылыс кезінде екі кенші қаза тапты

17.06.2020

Шығыс Қазақстан облысындағы «Орловская» кен орнында болған апаттан екі жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде орын аған. «KAZ Minerals» корпоративті тобы департаменті өкілінің хабарлауынша, оқыс оқиға кеше кешкі сағат22:00 шамасында тіркелді.

Апат «Востокцветмет» серіктестігіне қарасты өндірістік кешендегі кеніште болған. Тағы бір адам зардап шекті. Ол қазір ауруханада жатыр. 

Бүгінде оқыс оқиғаның себептері анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Хабарламаларға жазылу