Алматы жастары 3.0» бағдарламасымен баспана алуға ниетті жастар үшін қалада тіркеуде болу талабы алынып тасталды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-де жазды.
«Алматы жастары 3.0» жеңілдетілген несие бағдарламасымен тұрғын үй алуға ниетті жұмыс істейтін алматылық жастарға қалада тіркеуде болу талабы алынды. Осы себепке байланысты қабылданбаған өтініштер қайта қаралады. 22 маусымнан өтінімдерді қабылдаудың екінші кезеңі басталады»,– деп жазды қала әкімі.
«Алматы жастары 3.0» ипотекасының шарттары қандай?
Несиені өтеу мерзімі - 3 жылдан 25 жылға дейін;
Бастапқы жарна - 10%.
Бағдарламаға қатысушылар - мұғалімдер, дәрігерлер, университет оқытушылары, мәдениет, спорт саласының өкілдері, журналистер мен ғалымдар.