Орталық қалалық клиникалық ауруханада коронавирус жұқтырған дəрігерлерге қатысты іс Бас прокуратураға жетті. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өкілдері тергеудің қалай жүріп жатқанын айтып берді.
Комитет мəліметінше, ауруханада эпидемиологиялық тергеу жүргізілген. Қорытынды бойынша аурухана қызметкерлерінің жаппай вирус жұқтыру себептерінің бірі - сақтық шараларын сақтамаудан болған. Нəтижесінде бұл санитарлық ережелердің де талаптарын орындамауға əкелген. Эпидемиологиялық тергеу материалдары лауазымды тұлғалардың іс-əрекеттеріне құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураға жіберілді. Ал,
Айзат Молдағасымоваға қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп, оның бұрынғы қызметінде заңбұзушылық анықталмаған.
Қуан Нұрақын