Ақтөбеде коронавирустан алғашқы өлім жағдайы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде коронавирустан алғашқы өлім жағдайы тіркелді

16.06.2020

Ақтөбе қаласында коронавирус инфекциясынан алғаш өлім жағдайы тіркелді. 65 жастағы жергілікті тұрғын маусым айының басында ауырған. Алдымен 4 күн үйінде жатып, тыныс алуы ауырлағасын дəрігерлерді шақырған. Өңірде індет жұқтырғандар саны 685-ке жетті. Оның 147-сінен аурудың симптомсыз түрі анықталып отыр.

Павлодар облысында індеттен көз жұмғандар саны 13-ке жетті.

Атырауда өткен тəулікте коронавирустан 3 адам қайтыс болды.

Хабарламаларға жазылу