Қазақстанда коронавирус инфекциясын емдеудің жаңа хаттамасы қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда коронавирус инфекциясын емдеудің жаңа хаттамасы қабылданды

16.06.2020

Елімізде коронавирус инфекциясын емдеудің жаңа хаттамасы қабылданды. Себебі індет өршіп барады. Олардың дені - симптомы жоқ науқастар. COVID-19-дың жеңіл түрімен ауырған адам үйінде немесе карантин нысанында болады. Олар барлық эпидрежимді сақтауға міндетті.

Бірақ ауру белгісі жоқтарға этиотроптық емдеу жүргізілмейді. Тек күн сайын медициналық қызметкер қоңырау шалып халін біліп тұруы тиіс. Жалпы, жағдайы бақылауда болады, дене қызуы, жөтел, тыныс алудың қиындауы, əлсіздік, терлеу, іш өту, дене бөртуі сынды ауру белгілерінің бар-жоғы тексеріліп тұрады. Қажет болса видеокеңес жасалады. 

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу