Елорданың қоғамдық көліктерінде жолақысын төлемей жүргендер көбейді. Дені қолма-қол төлемнің тоқтатылғанын желеу етеді. Бір ай бойы ескерту жасалып келді. Ережені елемегендер енді шетінен жазаланып жатыр.
Жалпы, карантин кезінде қоғамдық көліктерде тегін қатынайтындар тым көбейген. Сылтау – қолма-қол төлемнің тоқтауы. Бірақ, жолақысын төлейтін тетік көп. Мамыр айы бойы жолаушыларға ескерту жасалып келді. Енді, ешкімге кешірім жоқ. Шетінен жазаланады.
Мұндай тексеріс күнде жалғасып жатыр. 90 теңгені уақытында төлемесеңіз, 5500 теңге айыппұл арқалайсыз. Сол себептен электронды картаңызға мұқият болған жөн.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ