Атырауда облыстық дене-шынықтыру және спорт басқармасы мен «Атырау» кәсіби спорт клубы» қорының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оларға «Атырау» футбол командасының дайындығына бөлінген, 160 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылып отыр. Бүгінде сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ