Ұлттық банк «Kompetenz» сақтандыру компаниясының лицензиясынан айырды. Себебі, бұған дейін компанияға қатысты қолданылған шаралардан ешқандай әсер болмаған. Сондықтан, қаржылық реттеуші нормативтерді бұзу жиілігі мен ұзақтығын ескеріп, сақтандырудың жекелеген сыныптарына байланысты лицензияны екі рет тоқтатқан.
Сондай-ақ, жүктерді сақтандыру құқығына берілген лицензиясынан айырды. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, сақтандыру брокерлеріне қадағалау шаралары жүйелі түрде жүргізіледі.
Бұдан бөлек, сақтандыру нарығынан активтерді шығаруға жол бермейді. Мәселен, соңғы үш жылдың ішінде 4 сақтандыру компаниясы қайта ұйымдастырылып, лицензияларын ерікті түрде тапсырған. Ал, «Kompetenz» ұйымына қатысты тексеру кезінде бірнеше заңбұзушылық фактілері анықталған. Тиісті материалдарды Ұлттық Банк құқық қорғау органдарына берді.
Алмат ӘБДІРАМАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.