Көкшетаудағы көпқабатты үйде болған өрттен 4 жасар бала қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаудағы көпқабатты үйде болған өрттен 4 жасар бала қаза тапты

15.06.2020

Көкшетауда көпқабатты үйде өрт болып, 4 жасар бала көз жұмды. Оқиға сенбі күні түнгі 11-лер шамасында болды. Пәтерде 3 қыз бала болған. Барлығы от құрсауында қалған. Денелерінің 80-90 пайызы күйіп қалған. Екі баланы көршілері алып шыққан. Ал біреуін өрт сөндірушілер шығарды. Алған жарақаттан 2015 жылы туған бала ауруханада қайтыс болды. Қалған екеуінің де жағдайы ауыр. Өрт басталғанда үйде ересектер болмаған. Ата-анасы жол жүріп кеткен, ал 21 жасар әпкелері дүкенге шығып кеткен. Өрттің себебі анықталуда.

Ермек ЕЛБЕРГЕН


Хабарламаларға жазылу