Қытай астанасында коронавирус эпидемиясы қайта өрши бастады. Соңғы төрт күнде мұнда 79 адамнан Covid-19 инфекциясы табылды. Солардың 36-сы өткен тәулікте тіркелген. Айта кетсек, кейінгі 50 күнде Бейжіңжде осындай бірде-бір оқиға тіркелмеген екен.
Вирустың ошағы – ет пен көкөніс сататын көтерме сауда базарында деген болжам бар. Бұл базар – былтыр коронавирус алғаш рет тараған Ухань базарынан 20 есе үлкен.
Қайта төнген қауіпке байланысты қалада мектептер жабылып, бірнеше аудан қоршауға алынып, компаниялар өз қызметкерлерін тағы да 14 күндік карантинге жіберді. Сонымен қатар, ондаған мың адам тесттен өткізіліп жатыр.
Арыстан РЫСБЕК