Түркістан облысында 300-ден астам адам өкпесі қабынып ауруханаға түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 300-ден астам адам өкпесі қабынып ауруханаға түскен

15.06.2020

Бірақ бұл- короновирус емес, пневмония болып шықты. Сондықтан науқастар провизорлық орталықтарға жатқызылды. Жалпы, соңғы күндері өңірде респираторлық ауру белгілерімен жүздеген адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Бұның басты себебі, аптап ыстықта тұрғындар салқындатқыштар мен желдеткіштерді көп қосып, суық тигізген. Одан қалды, әр түрлі өзен, көлдерде, хауыздарда шомылғандар көп. Су бұрқақтың астында салқын тигізген балалар да бар екенін айтты облыстың бас санитар дәрігері. Ал Денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауруханада төсек орын жетіспей жатыр деген ақпарат жалған екенін жеткізді.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу