Коронавирустан айыққандардың қаны – дертке дауа. Себебі олардың ағзасында індетпен күрес кезінде вирусқа қарсы дене қалыптасады. Мамандар ондай донорлардың науқастар өмірін сақтап қалуға мүмкіндігі зор екенін айтады. Қазір Елорданың бірнеше тұрғыны инфекция жұқтырған өзгелерге көмекке әзір. Тек қан қабылдау талаптарына сәйкес іріктеліп жатыр. Яғни ПТР тест тапсырып, талдаудың теріс нәтижесін көрсетуі керек. Аурудан әбден айыққаны дәлелденгендер ғана донор бола алады. Оның үстіне бәрі бірдей емес. Вирусты орташа немесе ауыр жағдайда өткізгендердің қаны ғана жарамды. Осылайша қандағы антиденелердің бар-жоғы анықталады. Өткен айда 14 астаналық донор болған.
Нысаналы ЫҒЫЛ