Шымкенттегі жұқпалы аурпулар ауруханасына коронавирус індетін жылдам әрі нақты анықтайтын жаңа қондырғы орнатылды. Оның көмегімен зертханалық науқастардан сынама алынып, ПЦР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша диагноз нақтыланады. Күнделікті 200 сынамаға талдау жасай алатын мүмкіндік бар. Шаһарда қазір ұлттық зерттеу орталығының филиалынан бөлек, қосымша 3 зертханалық зерттеу орындары жұмыс істеуде. Олар диагностикалық орталықта, жұқпалы аурулар ауруханасы мен СПИД орталығында. Осындай кешенді жұмыстың нәтижесінде күніне 300-ден 500 адамға дейін тестілеуден өткізу мүмкіндігі туды.
Жалпы маусым айының соңына дейін Шымкент қаласында 14 мың 184 адам коронавирусқа қарсы тестілеуден өтеді. Бұған дейін мегаполисте 24 мыңға жуық адамнан тест сынамасы алынды.
Ғани ҚАЛМАХАН