Атырауда 6 жастағы бала, өз үйінің ауласындағы дəретхана шұңқырына түсіп кетіп, көз жұмды. Қайғылы оқиға қала іргесіндегі Қара депо елді мекенінде болды. Алдын ала мəлімет бойынша, бала ойнап жүріп, тереңдігі екі метр шұңқырға құлап кеткен. Осыған ұқсас жағдай өткен айда да тіркелді.
Ол кезде 1,5 жастағы бала із-түзсіз жоғалып кетіп, үш күн дегенде өз үйінің ауласындағы кəріз құдығынан өлі күйінде табылған еді.
Жандос Темірғали