Елжан Біртанов коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елжан Біртанов коронавирус жұқтырды

15.06.2020

Коронавирус жұқтырған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр. «Санитарлық шараларды қатаң сақтағаныма қарамастан, бұл індет мені де айналып өтпеді», - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Елжан Біртановпен Жамбыл облысында жұмыс сапарында бірге бірге болған Үкімет басшысы Асқар Мамин де оқшауланды. Премьер-Министр коронавирусқа тест тапсырып, теріс нәтиже шыққаны хабарланды. 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та вирусты анықтауға сынақ тапсырып, теріс нәтиже шықты. Дегенмен екі шенеунік те оқшауланып, қашықтан жұмыс істеп жатыр.

Ербол Мәндібек

Хабарламаларға жазылу