Бейжің халқы қайтадан карантинге кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжің халқы қайтадан карантинге кетті

15.06.2020
Бейжің халқы қайтадан карантинге кетті

Бейжің шаһарының басшылығы қаладағы кәсіпорындар мен бизнес өкілдеріне жұмысшыларын 14 күндік карантинге жіберуді талап етті. Себібі қаланың бірнеше ауданында коронавирус індетінің жаңа ошағы пайда болған.

Індет ошағының эпицентрі ретінде қаладағы ең ірі көтерме сауда базары болды. Мұнда он адамнан COVID-19 инфекциясы табылып, өзге орындарға тараған.

Қала әкімдігі өкілінің айтуынша, Бейжіңде қайтадан төтенше жағдай орын алуы мүмкін. Осы кезге дейін біраз уақыт бойы қалада бірде-бір адамнан вирус анықталмаған еді.

ВВС


Хабарламаларға жазылу