Қазақстан мен Мажарстан алдағы уақытта тауар айналымы көлемін арттырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Мажарстан алдағы уақытта тауар айналымы көлемін арттырмақ

11.02.2019

Осы мақсатта наурызда Будапештте екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес форум өтеді. Бұл туралы Қазақстанның Мажарстандағы өкілетті елшісі хабарлады.

Бүгінде «Қазақинвест» Венгрия тарапына 100 шақты бизнес жоба ұсынған. Жаңа бастамалардың негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы секторы. Осы сала бойынша қос мемлекет арасында капиталы 40 миллион доллар болатын қор ашылған. Жалпы, екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасының орнағанына 26 жыл болды. Осы байланыстың аясында маражстандықтар цифрландыру саласы бойынша тәжірибемен бөліспек.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу