Ақтауда қоғамдық көлік қатынасы қайта жанданды. Сондай-ақ олардың жолда жүру уақыты ұзартылды. Естеріңізге сала кетейік, карантиндік шектеулермен келіспеген жолаушы тасымалдаушылар 2 күн қатарынан автобустарды тоқтатқан болатын. Сонымен қатар, адам нөпірін азайту үшін уақытты шектемеуді сұрады. Мәселе облыстық штабтың отырысында қаралып, қоғамдық көліктердің жүру уақыты ұзартылды. Бұрын карантиндік шектеулерге байланысты автобустар таңғы 6- дан 10 -ға дейін, кешке 5-тен 9-ға дейін қатынайтын. Бұдан былай, күндіз сағат 12 -ге дейін, кешке 4-тен бастап 9-ға дейін жүретін болды.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ