Атырауда шетелдік жұмысшылар жергілікті мамандардан 10 есе артық жалақы алып келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда шетелдік жұмысшылар жергілікті мамандардан 10 есе артық жалақы алып келген

12.06.2020

Атырау облысында шетелдік жұмысшылар жергілікті мамандармен тең дәрежеде жұмыс істесе де, олардан 10 есе артық жалақы алған. Салаға жауапты инспекция мамандары, 43 кәсіпорынға тексеріс жүргізіп біраз былықтың бетін ашты. Мұнай мен газ бағытындағы 16 компаниядан еңбекақыға қатысты 109 заңбұзушылық фактісін анықтады. Мәселен, қазақстандық жұмысшы бір айда, шамамен, 700 мың теңге алған. Ал шетелдік азаматтың қалтасына 3-4 миллион теңге түсіп отырған. Заңды бұзған жұмыс берушілерге 88 миллион теңге айыппұл салынды. Өңірде 8 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу