Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырған

12.06.2020

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырған. Қазір дәрігерлердің қарауында, тиісті ем-дом алып жатыр. Бұл жайында халық қалаулысы өзінің Instagram парақшасында жазды. Онда вирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсеткенін, үйде емделіп бастап, кейін дәрігерлер көмегіне жүгінгенін айтады. Қазір толық бақылауда. Сондай-ақ: «Коронавирустың таралу ықтималдығы артты. Сондықтан азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі бітпеді»,- деп ескертеді депутат.  

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу