Грантқа немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ-дан қанша балл жинау керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грантқа немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ-дан қанша балл жинау керек?

12.06.2020
Грантқа немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ-дан қанша балл жинау керек?

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін:

- Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл, ал басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына кемінде 50 балл;

- «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша кемінде 60 балл;

- «Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша кемінде 70 балл;

- «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медицина) саласы бойынша кемінде 65 балл қажет.

Биыл ҰБТ 20 маусым -5 шілдеге дейін санитарлық талаптар қатаң сақтала отырып өтеді. Тестілеуге 131755 адам қатысады.

Хабарламаларға жазылу