Коронаврустың екінші толқыны жойқын болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронаврустың екінші толқыны жойқын болуы мүмкін

11.06.2020

Covid-19 вирусының таралуы тоқтамаса екінші толқын аса қауіпті болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалық аймақ бюросының директоры Ханс Клюге осылай деп мәлімдеді. «Көптеген елдер шектеу шарасын алып тастап жатыр. Егер коронавирустың таралуын тоқтатпасақ, оның салдары қиын болуы мүмкін», - деп ескертті ол. Бұған дейін де сарапшылар вирустың қайта өршитінін айтып дабыл қаққан болатын. Жағдай мәз емес. Қауіпті індетке шалдыққандар күннен күнге көбейіп барады.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу