Шымкентте жұқпалы аурулар госпиталі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жұқпалы аурулар госпиталі ашылды

11.06.2020

Шымкентте жұқпалы аурулар госпиталі ашылды. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды оқшаулап, сапалы медициналық қызмет көрсететін орталық қысқа мерзімде салынды. Мұндай жұқпалы аурулар ауруханасы Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында бар. Инфекциялық госпиталь жобасының ерекшелігі, мұнда операциялық блок пен перзентхана залы бар. Бұл өз кезегінде науқастанған ана мен жаңа туған сәбиді аман сақтап қалу үшін білікті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Медициналық құрал-жабдықтың бәрі қамтылған, компьютерлік томограф, сандық рентген аппараты, 20 жасанды тыныс алу қондырғысы бар. Аурухана 160 орынға лайықталған.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу