Ережені елемеген осындай елорадалықтар үшін бүгін қала әкімі Алтай Көлгінов үндеу жасады. Қазір ауру жұқтыру ошақтары ұжымдар мен отбасыларында тіркеліп отыр. Мамандар бұл санитарлық талаптың дұрыс сақталмауынан екенін айтады. Осы ретте шаһар басшысы бірқатар ескертпелерді ескеру керектігін айтты. Азаматтар көп шоғырланатын жерде міндетті түрде медициналық маска тағу қажет. Екіншіден, қарапайым гигиеналық нормаларды сақтауды ұмытпау. Тағы көпшілік орындарға бармай, аралықты сақтау міндетті. 600-ден аса адам ауруханада жатса, соның жартысынан астамы пневмония. 34-інің жағдайы ауыр, 12-сі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Нысаналы ЫҒЫЛ