Ақтауда қоғамдық көліктер тоқтап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда қоғамдық көліктер тоқтап қалды

11.06.2020

Оның себебі тасымалдаушы мекемелер карантиндік шектеулермен келіспей отыр. Кәсіпкерлер автобустарды тоқтатуға мәжбүр. Өйткені құзырлы орган тұрғындарды маскасыз әрі шамадан тыс көп тасығаны үшін оларға 270 мың теңгеден айыппұл салды. Алайда, тасымалдаушылар сотта өздерінің кінәсіз екенін дәлелдемек. Айтуларынша, тұрғындардан бетперде талап ету де, орынға сай жолаушы тасымалдау да мүмкін емес. Себебі халық ескертуге құлақ аспайды. Ал адам нөпірін азайту үшін, уақыт шектеуді тоқтату қажет. Онсыз да бір жарым ай бойы істемей, жұмысқа енді ғана кіріскенде қысымға тап болған тасымалдаушылар талап орындалмаса, автобустардың шықпайтынын айтты.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі бұл мәселенің облыстық штаб отырысында қаралып жатқанын айтып сұқбат беруден бас тартты.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу