Қарағандыда екі адамды оқ атып жарақаттаған күдікті әлі іздестірілуде. Оның жанында серіктері болғаны анықталып отыр. Олар Toyota Camry көлігімен оқиға орнынан тайып тұрған. Айта кету керек, күдіктілердің бірінің жеке тұлғасы қазір айқындалған. Бірақ тергеу құпиясына байланысты оның есімі жарияланбайды. Ал оқыс оқиға кезінде зардап шеккен екі жәбірленуші қазір қаладағы клиникада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оларға операция жасалған. Жағдайлары тұрақты.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ