Атырау облысындағы ауылдарда шектеу шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысындағы ауылдарда шектеу шаралары күшейтілді

10.06.2020

Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданындағы Миялы ауылына — карантин режимі, ал Мұқыр ауылына — шектеу шаралары енгізілді. Елді мекендерде қатаң санитарлық талап 24 маусымға дейін сақталады. Эпидахуалдың ушығуына байланысты, округтерде қатынас доғарылды. Бұл ауылдарда азық-түлік базарлары мен дүкендер, дәріханалар сағат тағы 9 бен кешкі 9 аралығында жұмыс істейді. Сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығы мен мешіттер, азық-түлік сатпайтын сауда орындары, фотосалондар мен ломбардтар, такси қызметі жұмысын тоқтатты. Бүгінде ауданнан 9 адам қауіпті індетке шалдықты. Оның сегізі — Миялы ауылының тұрғыны.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу