Арқалықтағы медицина колледжі 60 мың теңгеге ұйымдастыруға болатын мәдени көпшілік шараға 4 млн теңге жұмсамақ болған. Осылайша мемлекеттік мекемелер мемлекеттік сатып алу кезінде арзаны тұрса да, қымбат тауарға тапсырыс берген. Олардың бұл әрекеті қылмысқа жатпайды, бірақ ысырапшылдық екені айдан анық. Яғни ортақ қазынаның қаржысын босқа шашу. Осындай келеңсіздікке жол бермеу үшін құзырлы органдар қыруар шаруа атқарды. Нәтижесінде аймақта тек мәдени көпшілік іс-шараларды өткізуден 12 млн теңгеге жуық қаржы үнемделген.