Ақтөбеде 31 жастағы тұрғын өзі тұратын жатақханаға жарылғыш зат қойылғанын айтып, полицияға хабарласқан.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен шұғыл қызмет бөлімінің мамандары жіберілді. Саперлер жатақхананы жан-жағынан қоршап, көрсетілген бөлмені тексерді. Абырой болғанда, жарылыс қаупі бар зат табылмады. Жедел- іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бұрын сотталған, сол үйдің тұрғыны ұсталды. Оның ішімдік ішкені анықталды. Бұл əрекетін құқық қорғаушылардың қырағылығын сынап көру үшін жасадым деп түсіндірген.
Жақсыбек Кемал