Эквадордың бірнеше қаласын жанартау күлі басты
Сангай жанартауының атқылауынан 16 елді мекенді және 2 млн тұрғыны бар Гуаякиль қаласын күл басып қалған.
Билік өкілдері тұрғындарға маска және денесін толық жауып тұратын киімдерді киюге кеңес берді. Кейбір қалаларда автокөлік қозғалысы тоқтатылған.
Қазір қала көшелерін тазалау жұмыстары жүріп жатыр.
Табиғи апаттан қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ.
Фото: news-tunisia.tunisienumerique.com