Елордада балабақшаға қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада балабақшаға қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болды

09.06.2020

Елордада 17-маусымнан мектепке дейінгі ұйымдарға құжат қабылдау басталады. Биыл 20 мыңнан астам балдырған балабақшаға барады деп жоспарланып отыр. Алғаш рет екі жастағы бүлдіршіндерге де мүмкіндік берілген. 2018 жылы туғандарға- 2 442 орын, 2017 жылы туғандарға-7 877, 2016 жылы туғандарға - 5 449, 2015 жылы туғандарға - 4 430 орын бар. Бос орындарды электронды жүйе арқылы білуге болады. Ата-аналар үшін барлық мектепалды ұйымдарда онлайн кеңестер беріледі.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу