Жезқазған жұрты бірнеше сағат бойы жарықсыз пен сусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазған жұрты бірнеше сағат бойы жарықсыз пен сусыз қалды

09.06.2020

Бүгін Жезқазған қаласы бірнеше сағат бойы түгелдей жарықсыз әрі сусыз қалды. Таңертеңгі 7:30-да жылу энергия орталығындағы электр желілерінің бірінде ақау шыққан. Салдарынан 90 мыңнан астам тұрғыны бар шаһарға электр қуаты мен су берілмей қалды. Бұған қоса өндіріс ошақтары тұралаған. Сағат 11:00 шамасында қаланы электр энергиясымен қамтамасыз ету толықтай қалпына келтірілді. Қазір тұрғын үйлерге біртіндеп су берілуде.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу