Маңғыстауда итбалықтар шабуыл жасап, 5 адам зардап шекті. Оның 4-еуі кәмелет жасқа толмаған балалар. Біреуі 20 жастағы жігіт. Оқиға Түпқараған ауданында кеше кешке болған. Теңізде шомылып жүрген балаларға кенеттен итбалықтар шабуыл жасап, тістей жөнелген. Салдарынан екі жеткіншек жедел-жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді. Кейін тағы үш адам медициналық көмекке жүгінген.
Аягөз ОРАЛБАЙ