Жыл басынан бері елімізде қылмыс 38 пайызға азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері елімізде қылмыс 38 пайызға азайған

09.06.2020

Халыққа есеп берген Ерлан Тұрғымбаев елдегі жалпы қылмыстық ахуалға да тоқталды. Айтуынша, жыл басынан бері қылмыс 38%-ға азайған. Алайда, төтенше жағдай кезінде отбасындағы тұрмыстық қақтағыстар 25 пайызға артқан. 402 бала зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Сондай-ақ карантин кезінде интернет-алаяқтық дерегі көбейген. Мәселен, жақында жалған криптовалютаны айналымға енгізіп, 1 миллиард теңгені жымқырған қылмыстық топ құрықталды. Ал талайды сан соқтырған «Гарант 24» ломбард ісін тергеуде қиындықтар болып жатыр. Өйткені зардап шеккендер де, шығынның мөлшері де өте көп.

Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдарын реформалау жұмысы қалай жасалып жатқанына да тоқталды. Айтуынша, былтыр жеке құрамның саны он пайызға қысқарған. Ішкі істер жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық та 34 пайызға азайған. Полицияның қазіргі жағдайын баяндаған министр ішкі істер органдарының 589 қызметкері коронавирус жұқтырғанын айтты. Олардың 412-сі жазылып шықса, 170 адам әлі емделіп жатыр.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу