Алматыдағы блокбекетте жол апатына кінәлі BMW жүргізушісі оқиға болардан төрт күн бұрын қызметінен кеткен. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді. Ішкі істер органында алты жыл жұмыс істеген азамат бірнеше рет тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Жол апаты кезінде күдіктінің мас күйінде болғанын сот-наркологиялық сараптама да растапты. Қазіргі уақытта аталған жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Департамент өкілі тиісті сараптамалар тағайындалғанын айтады.
Жазира ОРАЗҚЫЗЫ