Еліміздің жалпы ішкі өнімі 1,7 пайызға төмендеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің жалпы ішкі өнімі 1,7 пайызға төмендеген

09.06.2020

Еліміздің жалпы ішкі өнімі 1,7 пайызға төмендеп кеткен. Бүгін Үкімет еліміздің бес айдағы әлеуметтік экономикалық дамуын қорытындылап, көрсеткіштерді жариялады.

Төтенше жағдайдан кейін экономика енді қалпына келе бастады. Бірақ көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі еліміздің ЖІӨ 1,7 пайызға түсіп кеткенін мәлімдеді.

Өсім де жоқ емес. Қазір карантин режимі жеңілдетіліп, бизнес қайта жанданды. Мәселен, құрылыс - 5,9%; өңдеу өнеркәсібі - 4,9%; сауда - 28,3% артып, жолаушылар тасымалы - 41 пайызға көбейген.

Ал инфляция 6,7 пайызға тең. Яғни жоспарлы межеден әлдеқайда жоғары. Бұл азық-түлік бағасының шарықтауына да әсер етіп жатыр.

Сондай-ақ инвестиция тарту, экспортты дамытып, халықты жұмыспен қамту да басты назарда. Өйткені кешікпей министрлер мен әкімдердің 5 айда атқарған жұмысы президенттің қатысуымен өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралатынын ескертті.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу