«Қазақстан» телерадиокорпорациясы тікелей эфирде «Абзал жандар» телемарафонын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы тікелей эфирде «Абзал жандар» телемарафонын өткізеді

17.06.2020
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы тікелей эфирде «Абзал жандар» телемарафонын өткізеді

21 маусым – Медицина қызметкерлері күніне орай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы таңғы 09:00-ден 23:00-ге дейін тікелей эфирде «Абзал жандар» телемарафонын өткізеді. 

Ұлттық арна тілшілері күні бойы еліміздің барлық өңірлерінен тікелей байланысқа шығады.  

Телемарафонның мақсаты – ұлт саулығы мен әр адамның өмірі үшін күресіп жүрген медицина қызметкерлерінің ерен еңбегі мен ерлігін дәріптеу.

Дәрігерлерге деген жүрекжарды тілегіңізді жеткізіп, ерекше оқиғаңызбен бөліскіңіз келсе, әлеуметтік желілердегі qazaqstantv парақшасына, 87785982350 (Whatsapp) нөміріне немесе press@kaztrk.kz электронды поштасына видео жолдай аласыз. Сізді тебіренткен оқиғаны тікелей эфир барысында көпшілікпен бөлесеміз. 

Сондай ақ тікелей эфир барысында 8 (7172) 75 71 71 нөміріне хабарласып, ақ халатты абзал жандарға алғысыңызды жеткізуге мүмкіндік бар.

Телемарафоннан қалыс қалмаңыз!


Хабарламаларға жазылу