Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру жұмыстары жоспардан да жылдам жүріп жатыр. Әкімдіктің отын энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы осылай деді. Қазір орталық тарату аппаратынан үйлерге дейін құбыр тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазақстанның кей қалаларында газдың құны 18-20 теңге шамасында. Ал Нұр-Сұлтан қаласына құбыр сонау мыңдаған шақырым жердегі Қызылордадан тартылды. Жоба өзін қашан қалай ақтайтыны да белгісіз. Қаладағы болашақ тариф те белгіленбеген. Сондықтан бұл жобаның экономикалық тиімділігін нақты есептеп шығу мүмкін болмай отыр.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ