Елорда мен Алматыда бейбіт шеру өткізілетін жерлер белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда мен Алматыда бейбіт шеру өткізілетін жерлер белгілі болды

08.06.2020

Алматыда бейбіт жиындар өтетін жерлер белгілі болды. Қалалық мәслихаттың шешімімен заңды митинг болатын орындар, қолдану ережелері мен талап-шарттар анықталды.

Қазір шаһарда белгіленген екі жер бар. «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы сквер мен Махатма Ганди атындағы саябақ. Енді заңды митинг өткізу үшін Шоқан Уәлиханов атындағы саябақты қосу қарастырылып жатыр. Әрі шеру өткізу үшін Шевченко көшесі таңдалды. Бұл әзірше ұсыныс. Алматы қалалық мәслихаты мен қоғамдық кеңес талқысына түсіп, нақты шешім кейін қабылданады.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда да бейбіт жиындар өткізетін арнайы орындар таңдалды. Елордада бейбіт жиындар мен шеру өткізу үшін 4 арнайы орын ұсынылып отыр. Біріншісі – Пушкин көшесі мен Құдайбердіұлы даңғылы қиылысындағы сквер, екіншісі - «Астаналық» циркі жанындағы алаң. Сондай -ақ Жеңіс, Абай даңғылы мен Бигелдинов, Желтоқсан көшелеріндегі жазғы алаңдар – үшінші жер ретінда қаралып жатыр.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу