Елордада ескі үйлерде тұратын 800-ден астам отбасы қауіпсіз үйге көшіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ескі үйлерде тұратын 800-ден астам отбасы қауіпсіз үйге көшіріледі

08.06.2020

Биыл Елордада ескі үйлерде тұратын 800-ден астам отбасы қауіпсіз үйге көшіріледі. Қазір Бейсекбаев көшесінде орналасқан апаттық жағдайдағы үйлерді бұзу жұмыстары басталып кетті.

Бұл үйлердің пайдалануға берілгеніне 70 жыл болған. Жыл соңына дейін сүрілетін үйлердің қатарында 1930 жылы салынған баспаналар да бар. Бұдан бөлек, тұрғынүй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша 50-ден астам көп пәтерлі үйлер жөнделіп, 100-ден астам жеделсатыға жөндеу және ауыстыру жүргізіледі.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу