Төле би ауданында селден зақым келген 38 үй жаңадан салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төле би ауданында селден зақым келген 38 үй жаңадан салынып жатыр

08.06.2020

Төтенше жағдайға әлі бір ай толған жоқ. Бірақ жаңа баспаналардың қабырғасы қаланып, шатыры жабылуға жақын. Айта кетейік, нөсер жаңбырдан Түркістан облысының таулы аймақтарында сел жүріп, үйлер мен жолдарды су шайып, бірнеше көпір қирап қалған еді. Бүгін өңір басшысы апаттан зардап шеккен Леңгір тұрғындарымен тілдесіп, «Алатау» мөлтек ауданында бой көтеріп жатқан үйлердің құрылысын қадағалап қайтты.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу