Мұнай қалдықтарында жүзіп жүрген аққу әлеуметтік желіде қызу талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай қалдықтарында жүзіп жүрген аққу әлеуметтік желіде қызу талқыланды

08.06.2020

Маңғыстауда мұнай қалдықтарында жүзіп жүрген аққу әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Жергілікті сайттардың біріне жариялаған автор бейнежазбаның Солтүстік Бозашы кен орнында түсірілгенін айтқан. Алайда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияның мамандары аталған аумақпен бейнежазбадан сәйкестік тапқан жоқ. Экология департаменті де мұнай төгілген аумақты іздеп жатыр.

Аягөз ОРАЛБАЙ


Хабарламаларға жазылу