Алматыда дезинфекциялау жұмыстары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда дезинфекциялау жұмыстары күшейтілді

08.06.2020

Елде төтенше жағдай режимі тоқтатылса да, ірі қалаларда карантин әлі де жалғасуда. Сол себепті, дезинфекция жұмыстары да үзіліссіз жүргізіліп жатыр.

Мәселен, Елорда мен Алматыда карантин шаралары жеңілдегелі көшеде шығатын адамдар көбейген. Сондықтан парктер мен халық көп шоғырланатын орындарда тазалық жұмыстары қайтадан күшейтілді. Көшелерді, тротуарларды, аялдамаларды арнайы қоспамен жуу үшін техникалар жұмылдырылған. Ал кіреберістер мен аулаларды тазалау жұмысы бекітілген жоспар бойынша жүргізілуде. Нұр-Сұлтанда дезинфекция жұмыстарына байланысты автобустардың бағыттары да, қозғалыс кестесі де уақытша өзгертіліп жатыр.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу