Ал өткен тәулікте Қазақстан бойынша 165 адамнан вирус анықталды. Жалпы ел бойынша індетке шалдыққандар саны 13 мыңға таяп қалды. Ал емделіп шыққандардың қатары 7 жарым мыңға жуықтады. Сондай-ақ соңғы кездері індеттің симптомсыз түрін жұқтырғандар күрт артты. Өткен бір тәулікте аурудың клиникалық белгілері жоқ 313 адам тіркелген. Жалпы аурудың белгілері жоқтардың саны қазір -1357. Десе де соңғы кездері елдегі эпидемиялық ахуал көпшілікті алаңдатып отыр. Жұртқа белгілі тұлғалар азаматтарды сақтық шараларын сақтап, барынша абай болуға шақыруда.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ