Алматыда вирустың екінші толқыны болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда вирустың екінші толқыны болуы мүмкін

08.06.2020

Алматыда Covid-19 вирусының екінші толқыны болуы мүмкін. Бұл туралы шаһардың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров онлайн брифингте мәлімдеді. Ол күзде індет қайта ушығуы мүмкін. Сондықтан екінші толқынға қазірден бастап дайындық жүріп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ басқарма басшысы алматылық медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда екенін айтты. Қамалжан Надыров карантин кезінде шұғыл әрекет ететін WhatsApp желісі іске қосылғанын хабарлады. Бұл нөмірге бас санитар дәрігердің нұсқамаларын бұзу деректері туралы фото мен видео жіберуге болады.

Қуан НҰРАҚЫН


Хабарламаларға жазылу