Аттестациядан өткен мұғалімдердің айлығы көбейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аттестациядан өткен мұғалімдердің айлығы көбейеді

08.06.2020

Елімізде мұғалімдердің білімі мен біліктілігін саралайтын аттестация өтіп жатыр. Бір аптада 14 мың ұстаз тест тапсырды.

Жалпы 92 мың оқытушы сынақтан өтуге ниет білдірген. Тестілеу 15 тамызға дейін жалғасады. Мұғалім өзіне ыңғайлы уақытта онлайн өтініш беріп, сынақ тапсыратын күнді белгілейді. 

Тесттің бірінші кезеңінен өткен адам келесі сынаққа жолдама алады. Екеуінен де өтсе, педагогтардың жалақысы 30-50 процент өседі, ал директорлар мен орынбасарлардың ай сайынғы айлығына 100 процентке дейін үстемеақы қосылады.

Ақерке Берікбекқызы

Хабарламаларға жазылу