COVID-19 дертінен елімізде тағы 3 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19 дертінен елімізде тағы 3 адам көз жұмды

08.06.2020

Олар 63 жастағы Павлодар облысының азаматы, 1948 жылы туған атыраулық әйел және 1963 жылы туған қарағандылық ер адам. Короновирустан қайтыс болғандар саны 56-ға жетті. 

Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 165 адамнан вирус анықталды. Жалпы ел бойынша індетке шалдыққандар -12 859, емделіп шыққандар - 7376. 

Сондай-ақ соңғы кездері симптомсыз түрін жұқтырғандар саны күрт артты. Өткен бір тәулікте аурудың клиникалық белгілері жоқ 313 тасымалдаушы тіркелген. Жалпы аурудың белгілері жоқ тасымалдаушылар саны қазір - 1357.

Ақерке Берікбекқызы

Хабарламаларға жазылу